Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 08.05.2019 № 125/5 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес;
2) кандидаттардың сайлау алдындағы жария iс-шараларды өткiзу үшін үй-жайлар тізбесі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғ. Исахановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Пішенбаев |
"Келісілді" | |
Май ауданының аумақтық | |
сайлау комиссиясының төрағасы | С. Смағұлов |
17 маусым 2013 ж. |
Май ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 173/6 қаулысына 1-қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі
N р/с | Елді мекеннің атауы | Материалдарды орналастыру орындары | Стендтер, тумбалардың саны |
1 | Ақшиман ауылы | Ақшиман орта мектебі және Мәдениет үйі ғимараттарының жанында | 2 |
2 | Ақжар ауылы | Ақжар орта мектебі және Мәдениет үйі ғимараттарының жанында | 2 |
3 | Май ауылы | Май орта мектебі ғимаратының және "Нұр" дүкенінің жанында | 2 |
4 | Еңбекші ауылы | Орталық көшесінде | 1 |
5 | Тіктоғай ауылы | Орталық көшесінде | 1 |
6 | Қаратерек ауылы | Мәдениет үйі ғимаратының және "Достық" дүкенінің жанында | 2 |
7 | Орджоникидзе ауылы | Автобус аялдамасының жанында | 1 |
8 | Майтүбек ауылы | Майтүбек орта мектебі және Мәдениет үйі ғимараттарының жанында | 2 |
9 | Қызыл-еңбек ауылы | Қазақстан орта мектебі ғимаратының жанында | 1 |
10 | Жұмыскер ауылы | Мәдениет үйінің жанында | 1 |
11 | Абай ауылы | Бастауыш мектебі ғимаратының жанында | 1 |
12 | Саты ауылы | Селолық дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында | 1 |
13 | Малайсары ауылы | Малайсары орта мектебі және Мәдениет үйі ғимараттарының жанында | 2 |
14 | Ақсарай ауылы | Ауылдық клуб ғимаратының жанында | 1 |
15 | Жаңасарай ауылы | Орталық көшесінде | 1 |
16 | Кеңтүбек ауылы | Балалар спорт кешені және Мәдениет үйі ғимараттарының жанында | 2 |
17 | Карабұлақ ауылы | Орталық көшесінде | 1 |
18 | Жалтыр ауылы | Орталық көшесінде | 1 |
19 | Көктөбе ауылы | Май колледжі N 13, Е. Мұқашев атындағы орта мектебі, "Қазақтелеком" АҚ, "Салтанат" дүкені, "Жемчужина" дүкені, "Әлихан" дүкені және теміржол станциясы ғимараттарының жанында | 7 |
20 | Шыған ауылы | Ауылдық фельдшерлік пункті ғимараттарының жанында | 1 |
21 | Бозша ауылы | Бастауыш мектебі ғимаратының жанында | 1 |
22 | Баскөл ауылы | Мәдениет үйі ғимараттарының жанында | 1 |
23 | Жаңатілек ауылы | Бастауыш мектебі ғимаратының жанында | 1 |
Май ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 173/6 қаулысына 2-қосымша |
Сайлау алдындағы жария iс-шараларды өткiзу үшін үй-жайлар тізбесі
р/с N | Елді мекеннің атауы | Үй-жайдың орналасу орны |
1 | Ақшиман ауылы | Ақшиман ауылдық клубы |
2 | Ақжар ауылы | Ақжар ауылдық клубы |
3 | Май ауылы | Май ауылдық клубы |
4 | Қаратерек ауылы | Қаратерек мәдениет үйі |
5 | Майтүбек ауылы | Майтүбек ауылдық клубы |
6 | Жұмыскер ауылы | Қазан мәдениет үйі |
7 | Саты ауылы | Саты мәдениет үйі |
8 | Малайсары ауылы | Малайсары мәдениет үйі |
9 | Кеңтүбек ауылы | Кеңтүбек ауылдық клубы |
10 | Көктөбе ауылы | Аудандық мәдениет үйі |
11 | Баскөл ауылы | Баскөл мәдениет үйі |