Май ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 125/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 6357 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 311/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданының әкімдігінің 09.12.2020 № 311/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Май ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.

      3. Май ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" № 173/6 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3557 болып тіркелген, 2013 жылғы 06 шілдеде "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданының әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Актаев
      КЕЛІСІЛДІ"
      Май ауданының аумақтық
      сайлау комиссиясының төрайымы М. В. Кишкеналина
      2019 жылғы "8" мамыр

  Май ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "08" мамыр
№125/5 қаулысына
1-қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

Р/с №

Елді мекеннің атауы

Материалдарды орналастыру орындары

Стендтердің, тумбалардың саны

1

Ақшиман ауылы

А.Молдағұлова көшесі 6 ("Ақшиман негізгі орта білім беретін мектеп"мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Желтоқсан көшесі 8 ("Ақшиман ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);

2 стенд

2

Ақжар ауылы

Құрманғазы көшесі 4 ("Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Абай көшесі 2 ("Ақжар ауылдық клубы"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);

2 стенд

3

Май ауылы

Абылайхан көшесі 13 ("Май ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Мектеп көшесі 5 ("Май жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Абылайхан көшесі 19 ("Май ауылдық клубы"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);

3 стенд

4

Май ауылдық округінің Еңбекші бөлімшесі

Ертіс көшесі 8;

1 стенд

5

Қаратерек ауылы

Жамбыл көшесі 13 ("Қаратерек ауылдақ мәдениет үйі"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);
Жамбыл және Құнанбаев көшелерінің қиылысы;

2 стенд

6

Хасен Сейтказин ауылы

Хасен Сейтказин көшесі 9/2;

1 стенд

7

Майтүбек ауылы

Б.Момышұлы көшесі 20 ("Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Б. Момышұлы көшесі 7 ("Майтүбек ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);

2 стенд

8

Қызылеңбек ауылы

М. Әуезов көшесі 1 ("Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында);

1 стенд

9

Жұмыскер ауылы

Кажкенова көшесі 11 ("Жұмыскер ауылдық клубы"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);
Пушкин көшесі 1 ("Қазан жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Целинная көшесі 1 (ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында);

3 стенд

10

Қызыл Октябрь ауылы

Абай көшесі 1 ("Саты жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталықтың ғимараты жанында);

1 стенд

11

Саты ауылы

Исатаева көшесі 5 (ауылдық медициналық пункт ғимараты жанында);
Исатаева көшесі 13 ("Саты ауылдық клубы"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);
Гагарина көшесі 1 ("Саты жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);

3 стенд

12

Малайсары ауылы

Маметова көшесі 1 ("Малайсары ауылдық мәдениет үйі"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);
Иманова көшесі, 6 (ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында);
Абай көшесі 14 ("Малайсары орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);

3 стенд

13

Майлайсары ауылдық округінің 1 фермасы

Ақсарай көшесі 18;

1 стенд

14

Кеңтүбек ауылы

Алтынсарин көшесі 15 ("Кеңтүбек жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Махмет Кайырбаев көшесі (автобус аялдамасы);
Алтынсарин көшесі 10 ("Қарлығаш"бөбектер бақшасы"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);

3 стенд

15

Кеңтүбек ауылдық округінің 1 фермасы

Жалтыр көшесі 1;

1 стенд

16

Кеңтүбек ауылдық округінің 3 фермасы

Қарабұлақ көшесі 3;

1 стенд

17

Көктөбе ауылы

Ғани Мұратбаев көшесі 5 ("Май агро-техникалық колледжі" коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Сейфулина көшесі 21( "Е. Мұқашев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Сүлейменов көшесі 12 (аудандық орталық аурухана ғимараттарының жанында);
Әйтеке би көшесі 14 ("Май ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);
Әйтеке би көшесі 49 ("Балалар-жасөспірімдер спорт мектеп" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);

5 стенд

18

Белогорский ХПП ауылы

Элеваторлық көшесі 2;

1 стенд

19

Бозша ауылы

Батаев көшесі 3 ("Бозша ауылдық мәдениет үйі"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында ғимараты жанында);

1 стенд

20

Баскөл ауылы

Балкенов көшесі 16 ("Баскөл ауылдық мәдениет үйі"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында);
Иманов көшесі 14 (Амангелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанында);

2 стенд

21

Жаңатілек ауылы

Аушаихов көшесі 14 ("Жаңатілек ауылдық мәдениет үйі"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимараты жанында ғимараты жанында);

1 стенд

  Май ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "08" мамыр
№125/5 қаулысына
2-қосымша

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізуі үшін үй-жайлар тізбесі

Р/с №

Елді мекеннің атауы

Үй-жайдың орналасу орны

1

Ақшиман ауылы

"Ақшиман ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

2

Ақжар ауылы

"Ақжар ауылдық клубы"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

3

Май ауылы

"Май ауылдық клубы"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

4

Қаратерек ауылы

"Қаратерек ауылдақ мәдениет үйі"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

5

Майтүбек ауылы

"Майтүбек ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

6

Жұмыскер ауылы

"Жұмыскер ауылдықклубы"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

7

Саты ауылы

"Саты ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

8

Малайсары ауылы

"Малайсары ауылдық мәдениет үйі"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

9

Көктөбе ауылы

Май ауданының әкімдігі, "Мәдениетойын-сауық орталығы"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

10

Баскөл ауылы

"Баскөл ауылдық мәдениет үйі"мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады