Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 11.09.2013 N 319/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 – тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмыспен қамтуға мұқтаж мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамту үшін көмек көрсету мақсатында, Шарбақты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының үлесі белгіленсін.
2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жұмыс берушiлерге тиiстi жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектердi үлестірілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Асқаров