2013 жылы Шарбақты ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын үлестіру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 05 ақпанда N 52/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 ақпанда N 3441 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі N 319/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 11.09.2013 N 319/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 – тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмыспен қамтуға мұқтаж мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамту үшін көмек көрсету мақсатында, Шарбақты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының үлесі белгіленсін.
      2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жұмыс берушiлерге тиiстi жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектердi үлестірілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Асқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады