Шарбақты ауданы бойынша 2013 жылы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын үлестіру туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 06 наурыздағы N 82/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 сәуірде N 3491 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі N 319/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 11.09.2013 N 319/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес тіркеуде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, меншік құрылымына қарамастан, Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін (келісім бойынша).
      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін меншік құрылымына қарамастан, Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін (келісім бойынша).
      3. Тұлғаларды және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін, меншік құрылымына қарамастан, Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындары үлесі белгіленсін (келісім бойынша).
      4. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмысқа орналасуға және жұмысты таңдауға көмек көрсетсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Асқаров

О квотировании рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Щербактинскому району на 2013 год

Постановление акимата Щербактинского района Павлодарской области от 06 марта 2013 года N 82/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 02 апреля 2013 года N 3491. Утратило силу постановлением акимата Щербактинского района Павлодарской области от 11 сентября 2013 года N 319/8

      Сноска. Сноска. Утратило силу постановлением акимата Щербактинского района Павлодарской области от 11.09.2013 N 319/8.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 21 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, подпунктами 5-5)5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях оказания содействия занятости и приему на работу лиц состоящих на учете службы пробации, а также лиц освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, нуждающихся в трудоустройстве, акимат Щербактинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, на предприятиях, учреждениях и организациях Щербактинского района, независимо от форм собственности (по согласованию), в размере одного процента от общего числа рабочих мест.
      2. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на предприятиях, учреждениях и организациях Щербактинского района, независимо от форм собственности (по согласованию), в размере одного процента от общего числа рабочих мест.
      3. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на предприятиях, учреждениях и организациях Щербактинского района, независимо от форм собственности (по согласованию), в размере одного процента от общего числа рабочих мест.
      4. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Щербактинского района" обеспечить содействие для трудоустройства лиц состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, в трудоустройстве и выборе работы.
      5. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Калыбаеву Бахтылы Каирбековну.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Е. Аскаров