Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 11.09.2013 N 319/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес тіркеуде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, меншік құрылымына қарамастан, Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін (келісім бойынша).
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін меншік құрылымына қарамастан, Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін (келісім бойынша).
3. Тұлғаларды және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін, меншік құрылымына қарамастан, Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындары үлесі белгіленсін (келісім бойынша).
4. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмысқа орналасуға және жұмысты таңдауға көмек көрсетсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Асқаров