Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы N 196 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қаңтарда N 1020 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, V cайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуға (бұдан әрі -әлеуметтік көмек) 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.03.2019 № 324 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2.-Осы шешімнің қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету тәртібі айқындалсын.

      3.-Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И..Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю..Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.

      4.-Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т..Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      5.-Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      XXІII сессиясының төрағасы И. Ли
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильин

      Алматы қалалық Жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасының басшысы Ә. Құлмаханов

      Алматы қаласы Білім

      басқармасының басшысы Р. Шимашева

      Алматы қаласы Экономика

      және бюджеттік жоспарлау

      басқармасының басшысы С. Қабдолов

      Алматы қаласы әкімі аппараты

      заң бөлімі басшысының

      міндетін атқарушы Н. Егизекова

  Алматы қаласы мәслихатының
2013 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 196 шешіміне
қосымша

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) үшін ата-анасы және өзге де заңды өкілдері (бұдан әрі - алушылар) Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдеріне (бұдан әрі - аудандық бөлімдер) кемтар балалардың тұрақты тұрғылықты жерінде тіркелуі бойынша, өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) алушының жеке басын куәландыратын құжаты;

      2) алып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 03.03.2017 № 88 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3) алушы мен баланың тұрақты тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттары;

      4)-Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы беретін Алматы қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес тұжырымы;

      5) мүгедектігі туралы анықтама;

      6) банк шотының болуы туралы құжат;

      7) оқу орнының анықтамасы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 03.03.2017 № 88 (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 324 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

      3. Заңды өкілдер кемтар балаларды асырап алғандығы және қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігі жөнінде тиісті органдардың шешімдерінің көшірмелерін ұсынады.

      4. Ата-аналардың (заңды өкіл) бірінің жәрдемақы тағайындау туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-аналар (заңды өкіл) жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

      5. Әлеуметтік көмек оқу орнының анықтамасында көрсетілгеніндей, кемтар балалардың жеке оқу жоспары (бұдан әрі – жеке оқу жоспары) бойынша үйде оқу кезеңіне тағайындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакциядаі - Алматы қаласы мәслихатының 03.03.2017 № 88 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6.-Алғаш тағайындалған жағдайда жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап төленедi.

2. Әлеуметтік көмекті төлеу

      7. Әлеуметтік көмек тоқсан сайын ағымдағы тоқсанның соңғы айында төленеді.

      8. Әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатуға негіз болады:

      1) мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы;

      2) кемтар баланың жалпы білім беру мекемелерінде оқуы;

      3) кемтар баланы толық мемлекеттік қамсыздандыру үшін әлеуметтік- медициналық мекемеге орналастыру;

      4)-әлеуметтік көмектің заңсыз тағайындалуына әкелетін өтініш алушының жалған мәлімет беруі;

      5) Алматы қаласынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;

      6) кемтар баланың қайтыс болуы;

      7) жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімнің аяқталуы.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 03.03.2017 № 88 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Әлеуметтік көмек төлемі жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімнен бастап жаңартылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 03.03.2017 № 88 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10.-Әлеуметтік көмекті алушылар төлемді тоқтатуға негіз болып табылатын мән-жайлар басталғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы аудандық бөлімге хабарлайды.

      11. Осы Тәртіптің 8 тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда әлеуметтік көмекті төлеу төлемін тоқтатуға негіз болып табылатын жағдайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.

      12.-Кемтар бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі кемтар баланың қайтыс болған айымен қоса жүргізіледі.

      13.-Артық төленген сомалар ерікті немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтаруға жатады.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение ХХIII сессии маслихата города Алматы V созыва от 19 декабря 2013 года N 196. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 22 января 2014 года за N 1020.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", маслихат города Алматы V-го созыва РЕШИЛ:

      1. Определить социальную помощь на возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану (далее - социальная помощь) ежеквартально в размере 12 месячных расчетных показателя.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата города Алматы от 18.03.2019 № 324 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Определить порядок предоставления социальной помощи согласно приложению к настоящему решению.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по социальным вопросам и общественному согласию маслихата города Алматы И. Ли и заместителя акима города Алматы Ю. Ильина (по согласованию).

      4. Секретарю маслихата города Алматы Т. Мукашеву произвести государственную регистрацию нормативного правового акта в Департаменте юстиции города Алматы.

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXIII-й сессии маслихата
города Алматы V-го созыва
И. Ли
      Секретарь маслихата города
Алматы V-го созыва
Т. Мукашев

      Согласовано:

      Заместитель акима города Алматы Ю. Ильин

      Руководитель Управления занятости

      и социальных программ города Алматы А. Кульмаханов

      Руководитель Управления

      образования города Алматы Р. Шимашева

      Руководитель Управления

      экономики и бюджетного

      планирования города Алматы С. Кабдулов

      Исполняющая обязанности руководителя

      юридического отдела аппарата акима

      города Алматы Н. Егизекова

  Приложение
к решению маслихата города Алматы
от 19 декабря 2013 года № 196

Порядок возмещения затрат на обучение на дому детей
с ограниченными возможностями из числа инвалидов по
индивидуальному учебному плану
1. Общие положения

      1. Для возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану (далее – социальная помощь) родители и иные законные представители (далее - получатели) подают заявление в районные отделы Управления социального благосостояния города Алматы (далее - районные отделы) по месту регистрации постоянного места жительства детей с ограниченными возможностями, с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность получателя;

      2) исключен решением маслихата города Алматы от 03.03.2017 2017 года N 88 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3) документы, подтверждающие регистрацию по постоянному месту жительства на получателя и ребенка;

      4) заключение Алматинской городской психолого-медико-педагогической консультации, выданной городской психолого-медико-педагогической комиссией Управления образования города Алматы;

      5) справка об инвалидности;

      6) документ о наличии счета в банке;

      7) справка из учебного заведения.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решениями маслихата города Алматы от 03.03.2017 2017 года N 88 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 18.03.2019 № 324 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются получателю.

      3. Законные представители также прилагают выписку из решения соответствующего органа об усыновлении (удочерении) или установлении опеки (попечительства) над детьми с ограниченными возможностями.

      4. В случае невозможности личного обращения одного из родителей (законного представителя) с заявлением о назначении социальной помощи, родители (законный представитель) вправе уполномочить других лиц на обращение с заявлением о назначении социальной помощи на основании доверенности, выданной в установленном порядке.

      5. Социальная помощь назначается на период обучения на дому детей с ограниченными возможностями по индивидуальному учебному плану, указанного в справке из учебного заведения (далее – индивидуальный учебный план).

      Сноска. Пункт 5 в редакции решения маслихата города Алматы от 03.03.2017 2017 года N 88 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. В случае первоначального назначения пособие выплачивается со дня обращения.

2. Выплата социальной помощи

      7. Социальная помощь выплачивается ежеквартально в последнем месяце текущего квартала.

      8. Основаниями для прекращения выплаты социальной помощи являются:

      1) достижение ребенком с ограниченными возможностями из числа инвалидов 18-летнего возраста;

      2) обучение ребенка с ограниченными возможностями в общеобразовательных учреждениях;

      3) устройство ребенка с ограниченными возможностями в медико-социальное учреждение на полное государственное обеспечение;

      4) представление получателем недостоверных сведений, повлекших за собой незаконное назначение социальной помощи;

      5) выезд на постоянное место жительство за пределы города Алматы;

      6) смерть ребенка с ограниченными возможностями;

      7) окончание срока в индивидуальном учебном плане.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными решением маслихата города Алматы от 03.03.2017 2017 года N 88 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Выплата социальной помощи возобновляется на основании индивидуального учебного плана, с периода, указанного в нем.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными решением маслихата города Алматы от 03.03.2017 2017 года N 88 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Получатели социальной помощи в течение 15 календарных дней с даты наступления обстоятельств, являющихся основанием для прекращения выплаты, извещают районный отдел об изменении обстоятельств, влияющих на право ее получения.

      11. Выплата социальной помощи прекращается с даты наступления обстоятельств, являющихся основанием для прекращения выплаты, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 6) пункта 8 настоящего Порядка.

      12. В случае смерти ребенка с ограниченными возможностями, выплата социальной помощи производится включительно по месяц смерти ребенка с ограниченными возможностями.

      13. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.