V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIII сессиясының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХLIV сессиясының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 324 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2019 жылғы 28 наурызда № 1533 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXIII сессиясының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1020 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуға (бұдан әрі -әлеуметтік көмек) 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек айқындалсын.";

      аталған шешімнің қосымшасындағы:

      1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) үшін ата-анасы және өзге де заңды өкілдері (бұдан әрі - алушылар) Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдеріне (бұдан әрі - аудандық бөлімдер) кемтар балалардың тұрақты тұрғылықты жерінде тіркелуі бойынша, өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:".

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс
XLIV сессиясының төрағасы
Қ. Сәрсенбай
      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады