Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 11.12.2013 N 02.14/03-03/2710 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласында Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
2. Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың Петропавл қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде Қаныш Сәтбаев атындағы көше, 37 мекенжайында орналасқан «Қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны үй-жайы берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. С. Баллоға жүктелсін.
4. Осы қаулы оны бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Т. Закариянов
«Келісілді»
Петропавл қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Н. Петров
13 қыркүйек 2013 жыл
Петропавл қаласы әкімдігінің
13 қыркүйек 2013 жылғы
№ 1697 қаулысына
қосымша
Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған Петропавл қаласындағы орындар
№ |
Елді мекеннің атауы |
Орналасқан жері |
Орналастыру үшін объектінің атауы |
1 |
Петропавл қаласы |
Интернациональная - Астана көшелерінің қиылысы, «Колос» қонақ үйінің жаны |
Металл қалқандар |
2 |
Петропавл қаласы |
Парковая - Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы |
Металл қалқандар |
3 |
Петропавл қаласы |
Жамбыл атындағы көшедегі «Тайга» сауда үйіне кіреберіс жаны |
Металл қалқандар |
4 |
Петропавл қаласы |
В. Б. Кошуков атындағы көшедегі «Пирамида» сауда үйіне кіреберіс жаны |
Металл қалқандар |
5 |
Петропавл қаласы |
Мұхтар Әуезов атындағы және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысындағы қалалық Мәдениет және демалыс саябағының орталық кіреберісінде |
Металл қалқандар |