Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы N 3.1.1-27/23 хаты)
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу және мақсатты топтарды анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 40 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiне № 2185 тіркелген, 2013 жылғы 28 ақпандағы «Айыртау таңы», «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Науановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының әкімі А. Тастеміров