2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу және мақсатты топтарды анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы N 40 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 ақпанда N 2185 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы N 3.1.1-27/23 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы N 3.1.1-27/23 хаты)

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 04.11.2013 N 474 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      1. 2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тұратын мақсатты топтар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;
      3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс берушi - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi - жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.
      2. 2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      3) отбасыларында бірде-бір жұмыс істейтін жоқ тұлғалар;
      4) он екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемейтін тұлғалар;
      5) техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ. Махметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау  ауданының әкімі                 А. Сейфуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады