Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы 7.11.2014 N 9.1.4-4/1245 хаты).
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2014 жылғы қаңтар-наурыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары М.М. Жұмабаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Каменов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
«Қызылжар ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н.Ә. Әубәкіров
12 желтоқсан 2013 жыл