Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында 2014 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери есепке алу және медициналық куәландыру ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы N 39-р шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 желтоқсанда N 2451 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы 2014 жылғы 7 қарашадағы N 9.1.4-4/1245 хаты).

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы 7.11.2014 N 9.1.4-4/1245 хаты).

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2014 жылғы қаңтар-наурыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары М.М. Жұмабаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Каменов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс Министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысы
      «Қызылжар ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлім» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Н.Ә. Әубәкіров
      12 желтоқсан 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады