Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігінің 08.08.2013 N 267 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мамлют аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірге (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы және селолық округтері әкімдеріне барлық үміткерлер үшін Мамлют ауданының аумағында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орны болып, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Сәбит Мұқанов көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Мамлют № 1 мектеп-гимназиясының акт залында орналасқан стенд белгiленсiн.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы және селолық округтері әкімдеріне барлық үмiткерлердiң таңдаушылармен Мамлют ауданының аумағында кездесулерді өткiзу үшiн шартты негізде Сәбит Мұқанов көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Мамлют № 1 мектеп-гимназиясының акт залы берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын Мамлют ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы міндетін атқарушы Н.Н. Шаренковаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы бiрiншi ресми жарияланған күннен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының әкімі В. Бубенко
«КЕЛІСІЛДІ»:
Мамлют аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы В. Целуйко
9 шілде 2013 жыл