Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 11.1.2-13/61 хаты)
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу және мақсатты топтарды анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 473 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 2060 тіркелген, 2013 жылдың 18 қаңтарында «Солтүстік жұлдызы» газетінде, «Знамя труда» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Бекшеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының әкімі В. Бубенко