Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 11.1.2-13/61 хаты)
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2013.10.21 N 349 Қаулысымен
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында тұратын мақсатты топтар анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;
3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
12) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.
2. 2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) отбасылардың бірде-біреуі жұмыс істемейтін тұлғалары;
3) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
4) он екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген тұлғалар.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Бекшеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының әкімі Қ. Қалиев