Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 19.09.2023 № 10/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 02.03.2022 № 18/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскәр ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскәр ауылдық округінде қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | Солтүстік Қазақстан облысы |
Мамлют ауданы мәслихаты | Мамлют ауданы |
сессиясының төрағасы | мәслихатының хатшысы |
А. Қошанов | Р. Нұрмұқанова |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют ауданының | |
Қызыләскәр ауылдық округінің әкімі | Б. Құрымбаев |
28 қараша 2013 жыл |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют ауданы мәслихатының | |
2013 жылғы 28 қарашадағы | |
№ 22/7 шешімімен | |
бекітілді |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 02.03.2022 № 18/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округінің тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округінің осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
2-қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют ауданы мәслихатының | |
2013 жылғы 28 қарашадағы | |
№ 22/7 шешіміне | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 02.03.2022 № 18/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Елді мекеннің атауы | Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округінің Қызыләскер ауылының тұрғындарына | 3 |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округінің Раздольное ауылының тұрғындарына | 3 |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округінің Степное ауылының тұрғындарына | 3 |