"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-172 тіркелген, 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16 "Тайынша Таңы", 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16 "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі мәтін өзгермейді:
"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы";
шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Ережесінің 3, 4-тармақтарына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:"
мемлекеттік тілдегі шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі мәтін өзгермейді:
"Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін".
мемлекеттік тілдегі қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі мәтін өзгермейді:
"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Бәтенов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы |
Қ. Шәріпов |