"Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы N 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 79 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 сәуірде N 2249 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 28.10.2016 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-172 тіркелген, 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16 "Тайынша Таңы", 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16 "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі мәтін өзгермейді:
      "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы";
      шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Ережесінің 3, 4-тармақтарына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:"
      мемлекеттік тілдегі шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі мәтін өзгермейді:
      "Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін".
      мемлекеттік тілдегі қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі мәтін өзгермейді:
      "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Р. Бәтенов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады