Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Жылыой аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХІІІ сессиясында ШЕШТІ:
1. Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округінің Аққұдық елді мекені таратылсын.
2 Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округінің Тұрғызба ауылының шекарасы өзгертіліп, оның аумағына таратылған Жем селолық округінің Аққұдық елді мекенінің аумағы енгізілсін.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Облыс әкімі
М. Қаражігітова Б. Ізмұхамбетов
Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов