Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Махамбет ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХIХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс селолық округінің Қызылжар елді мекені таратылсын.
2. Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс селолық округінің Бейбарыс селосының шекарасы өзгертіліп, оның аумағына таратылған Атырау облысы Махамбет ауданының Бейбарыс селолық округінің Қызылжар елді мекені енгізілсін.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Сессия төрағасы
Б. Ізмұхамбетов Д. Құлжанов
Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов