Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2013.04.04 № 333 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Атырау қаласы бойынша Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 1 және № 14 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының жетекшісі Б. Құсниевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Айдарбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) А. Ғали
06.03.2013 ж.
Қалалық әкiмдіктің
2013 жылғы 06 наурыздағы № 217
қаулысына қосымша
Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 1 және № 14 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ |
Орналасқан жері |
1 |
"Тұрғын үй қалашығы" шағын ауданындағы аялдама маңындағы тұғырлық |
2 |
Ақсай селолық округі, Уәлиев көшесінде орналасқан Ақжар дәрігерлік амбулаториясы маңындағы стенд |
3 |
Геолог селолық округі, № 65 а мекен-жайындағы кітапхана ғимараты маңындағы стенд |
4 |
Қайыршақты селолық округі, Колхоз көшесі, № 2 мекен-жайындағы "Іңкар" дүкені маңындағы стенд |