Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 1 және № 14 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 06 наурыздағы № 217 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 наурызда № 2709 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 04 сәуірдегі № 333 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2013.04.04 № 333 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Атырау қаласы бойынша Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 1 және № 14 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының жетекшісі Б. Құсниевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Айдарбеков

КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)         А. Ғали

06.03.2013 ж.

Қалалық әкiмдіктің    
2013 жылғы 06 наурыздағы № 217
қаулысына қосымша     

Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 1 және № 14 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Орналасқан жері

1

"Тұрғын үй қалашығы" шағын ауданындағы аялдама маңындағы тұғырлық

2

Ақсай селолық округі, Уәлиев көшесінде орналасқан Ақжар дәрігерлік амбулаториясы маңындағы стенд

3

Геолог селолық округі, № 65 а мекен-жайындағы кітапхана ғимараты маңындағы стенд

4

Қайыршақты селолық округі, Колхоз көшесі, № 2 мекен-жайындағы "Іңкар" дүкені маңындағы стенд

Об определении мест расположения агитационных печатных материалов по городу Атырау для кандидатов Атырауского городского Маслихата по избирательным округам № 1 и № 14

Постановление Атырауского городского акимата Атырауской области от 06 марта 2013 года № 217. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 20 марта 2013 года № 2709. Утратило силу - постановлением Атырауского городского акимата от 04 апреля 2013 года № 333.

      Сноска. Утратило силу - постановлением Атырауского городского  акимата от 04.04.2013 № 333.
      Руководствуясь статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и на основании пункта 6 статьи 28 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан", городской акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить по согласованию с Атырауской городской территориальной избирательной комиссией места для размещения агитационных печатных материалов по городу Атырау для кандидатов Атырауского городского Маслихата по избирательным округам № 1 и № 14 согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Кусниева Б.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города                                Айдарбеков С.

СОГЛАСОВАНО:
Председатель Атырауской городской
территориальной избирательной
комиссии (по согласованию)                       Гали А.
06.03.2013 г.

Приложение          
к постановлению акимата города
от 6 марта 2013 год № 217 

Места для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов Атырауского городского Маслихата по избирательным округам № 1 и № 14

Место расположения

1

Тумба около остановки в микрорайоне "Жилгородок"

2

Стенд около Акжарской врачебной амбулатории, расположенной на улице Уалиева, Аксайского сельского округа

3

Стенд около здания библиотеки 65а, расположенного в Геологском сельском округе

4

Стенд около магазина "Іңкар", расположенного на улице Колхоз, № 2 Кайыршактинского сельского округа