Махамбет ауданы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 702 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қаңтарда № 2847 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 8 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы", Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығының 2-тармағына сәйкес Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Махамбет ауданы әкімдігі мемлекеттiк қызметшiлерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін (бұдан әрі - Қағидалар).
      2. "Махамбет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары Қағидалар мәтінінің мемлекеттік орган ғимаратында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.С. Қалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Е. Жаңабаев
 
Махамбет ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 702 қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 702 қаулысымен бекітілген

Махамбет ауданы әкімдігі мемлекеттiк қызметшiлерінің қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Махамбет ауданы әкімдігі мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Жарлығына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді.

2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары

      2. Әкімдіктің мемлекеттік қызметшілері:
      1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алады;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтайды және оны дәйекті түрде жүзеге асырады, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтып, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермейді;
      3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермейді, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолданады;
      4) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтайды және нығайтады;
      5) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етеді, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарайды;
      6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытады, адал, әдiл, қарапайым;
      7) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұрады;
      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтайды;
      10) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленеді; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқарады, жұмыс уақытын ұтымды пайдаланады;
      11) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпейді, олардың ықпалынан тәуелсiз;
      12) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбайды;
      13) кадрларды туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермейді;
      14) қарамағындағы мемлекеттiк қызметшiлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпейді; басқа адамдарды құқыққа қайшы терiс қылықтар жасауға мәжбүрлемейді;
      15) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерiн болдырмайды және олардың жолын кеседі;
      16) өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмайды, сынағаны үшiн қудалауға жол бермейді, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдаланады;
      17) бағынысты қызметкерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк, орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермейді;
      18) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективтi де анық мәлiметтер береді;
      19) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етеді, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрi тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта пайдаланады;
      20) ұжымда iскерлiк өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасайды;
      21) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттырады;
      22) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстанады.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлер iскерлiк этикеттi сақтап, ресми мiнез-құлық қағидаларын құрметтейді.
      4. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбайды.
      Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер бағынысты қызметкерлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметiне қатысуға мәжбүрлемейді.

3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы

      5. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермейді.
      Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кеседі.
      6. Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлайды. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
      Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолданады.
      Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні, оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолданады.
      7. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермейді.
      8. Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдаланады, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделерінде тексерулерге бастамашылыққа жол бермейді.
      9. Мемлекеттік қызметшілер жеке мүлiктiк және мүлiктiк емес пайдалар алу үшiн өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен байланысты мүмкiндiктердi қолданбайды.
      10. Мемлекеттік қызметшілері мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шараларын қолданады.
      11. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде" Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.

4. Мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында сөйлеуі

      12. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізеді.
      13. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
      2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
      3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына этикаға сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдірмейді.
      14. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.
      15. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолданады.

5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы

      16. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстанады, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермейді.
      17. Мемлекеттiк қызметшiлер қарапайымдылық танытуға, көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себеп туғызбайды.

Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих акимата Махамбетского района

Постановление Махамбетского районного акимата Атырауской области от 25 декабря 2013 года № 702. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 17 января 2014 года № 2847. Утратило силу постановлением акимата Махамбетского района Атырауской области от 5 января 2016 года № 8

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Махамбетского района Атырауской области от 05.01.2016 8.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 "О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан", пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 "О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан" акимат Махамбетского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила служебной этики государственных служащих акимата Махамбетского района (далее - Правила).
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Махамбетского района Республики Казахстан", руководителям исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета обеспечить размещение текста Правил в зданиях государственных органов в местах, доступных для всеобщего обозрения.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Калиева Н.С. – руководителя аппарата акима Махамбетского района.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким района
Е. Жанабаев
 
Утверждены постановлением акимата Махамбетского района от 25 декабря 2013 года № 702

Правила служебной этики государственных служащих акимата Махамбетского района
1. Общие положения

      1. Правила служебной этики государственных служащих акимата Махамбетского района (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", Законом Республики Казахстан от 2 июля 1998 года "О борьбе с коррупцией", Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 "О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан" и общепринятыми морально-этическими нормами.

2. Общие правила поведения государственных служащих

      2. Государственные служащие акимата:
      1) руководствуются принципом законности, требованиями Конституции, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      2) придерживаются политики Президента Республики Казахстан и последовательно проводят ее в жизнь, своими действиями укрепляют авторитет государственной власти, не допускают совершения действий, способных дискредитировать институты государства;
      3) обеспечивают соблюдение и защиту прав, свобод и законных интересов физических и юридических лиц, не допускают проявлении бюрократизма и волокиты при рассмотрении их обращений, в установленные сроки принимают по обращениям необходимые меры;
      4) сохраняют и укрепляют доверие общества к государственной службе, государству и его институтам;
      5) способствуют укреплению единства народа Казахстана и межнационального согласия в стране, уважительно относятся к государственному и другим языкам, традициям и обычаям народа Казахстана;
      6) соблюдают общепринятые морально-этические нормы, в обращении с гражданами и коллегами проявляют вежливость и корректность, честные, справедливые, скромные:
      7) противостоят действиям, наносящим ущерб интересам государства, препятствующим эффективному функционированию государственных органов;
      8) служат примером уважительного отношения к государственным символам Республики Казахстан;
      9) соблюдают установленные законами Республики Казахстан ограничения и запреты;
      10) неукоснительно соблюдают государственную и трудовую дисциплину, эффективно распоряжаются предоставленными полномочиями, добросовестно, беспристрастно и качественно исполняют свои служебные обязанности; рационально используют рабочее время;
      11) не оказывают предпочтения физическим и юридическим лицам, независимы от их влияния при исполнении должностных обязанностей;
      12) не используют служебное положение для оказания влияния на деятельность государственных органов, организаций, государственных служащих и иных лиц при решении вопросов личного характера;
      13) не допускают случаев подбора и расстановки кадров по признакам родства, землячества и личной преданности;
      14) не требуют от подчиненных государственных служащих исполнения поручений, выходящих за рамки их должностных обязанностей; не принуждают других лиц к совершению противоправных проступков;
      15) не допускают и пресекают факты нарушения норм служебной этики со стороны других государственных служащих;
      16) своими действиями не дают повода для обоснованной критики со стороны общества, не допускают преследования за критику, используют конструктивную критику для устранения недостатков и улучшения своей деятельности;
      17) не допускают по отношению к подчиненным работникам необоснованных обвинений, фактов грубости, унижения человеческого достоинства, бестактности, некорректного поведения;
      18) в процессе исполнения поручений руководителей предоставляют только объективные и достоверные сведения;
      19) обеспечивать сохранность государственной собственности, рационально, эффективно и только в служебных целях используют вверенную государственную собственность, включая автотранспортные средства;
      20) способствуют установлению и укреплению в коллективе деловых взаимоотношений и конструктивного сотрудничества;
      21) повышают свой профессиональный уровень и квалификацию для эффективного исполнения служебных обязанностей;
      22) придерживаются делового стиля в одежде в период исполнения своих служебных обязанностей.
      3. Государственные служащие соблюдают деловой этикет, уважают правила официального поведения.
      4. Государственные служащие не используют служебное положение и связанные с ними возможности в интересах общественных и религиозных объединений, других некоммерческих организаций, в том числе для пропаганды своего отношения к ним.
      Государственные служащие, занимающие руководящие должности, не принуждают подчиненных работников к участию в деятельности общественных и религиозных объединений, других некоммерческих организаций.

3. Антикоррупционное поведение государственных служащих

      5. Государственные служащие противостоят проявлениям коррупции, не допускают коррупционных правонарушений либо деяний, сопряженных с коррупцией или создающих условия для коррупции.
      Государственные служащие пресекают факты коррупционных правонарушений со стороны других государственных служащих.
      6. Государственный служащий, если располагает достоверной информацией о коррупционном правонарушении, принимает необходимые меры по предотвращению и прекращению такого правонарушения, в том числе незамедлительно в письменной форме информирует вышестоящего руководителя, руководство государственного органа, в котором он работает, уполномоченные государственные органы. Государственный служащий также незамедлительно в письменной форме информирует указанные лица и органы о случаях склонения его другими лицами к совершению коррупционных правонарушений.
      Руководство государственного органа в месячный срок со дня получения информации принимает меры по заявлениям государственного служащего о коррупционных правонарушениях, случаях склонения его к совершению данных нарушений, в том числе путем организации проверок и направления обращений в уполномоченные органы.
      Руководство государственного органа принимает меры по защите государственного служащего, сообщившего о достоверных случаях коррупционных правонарушений, склонения его к совершению данных нарушений, от преследования, ущемляющего его права, законные интересы.
      7. Государственные служащие не допускают действий (бездействий), затрудняющих реализацию физическими и юридическими лицами своих прав и законных интересов.
      8. Государственные служащие акимата используют все возможности по предотвращению экономического ущерба государству, не допускать инициирования проверок в личных интересах и интересах третьих лиц.
      9. Государственные служащие не используют свои должностные полномочия и связанные с ними возможности для получения личной имущественной и неимущественной выгоды.
      10. Государственные служащие принимают меры по недопущению конфликта интересов.
      11. При возникновении конфликта интересов, то есть ситуации, при которой возникает противоречие между личной заинтересованностью государственного служащего и надлежащим исполнением им своих должностных полномочий или законными интересами физических и юридических лиц, государства, способное привести к причинению вреда этим законным интересам, государственный служащий принимают меры по его предотвращению и урегулированию, предусмотренные законодательством Республики Казахстан о государственной службе.

4. Публичные выступления государственных служащих

      12. Публичные выступления по вопросам деятельности государственных органа осуществляются его руководителем или уполномоченным на это должностными лицами государственного органа.
      Государственные служащие ведут дискуссии в корректной форме, не подрывая авторитета государственной службы.
      13. Государственные служащие не выражают публично свое мнение по вопросам государственной политики и служебной деятельности, если оно:
      23) 1) не соответствует основным направлениям политики государства;
      24) 2) раскрывает служебную информацию, которая не разрешена к обнародованию;
      25) 3) содержит неэтичные высказывания в адрес должностных лиц государства, органов государственного управления, других государственных служащих.
      14. Не допускаются публикации государственными служащими от имени государственного органа по вопросам, не связанным с проведением государственной политики, деятельностью государственного органа и государственных служащих. Публикация материалов по педагогической, научной и иной творческой деятельности осуществляются государственным служащим только от собственного имени как частного лица.
      15. При предъявлении к государственному служащему необоснованного публичного обвинения в коррупции он в месячный срок со дня обнаружения такого обвинения принимает меры по его опровержению.

5. Поведение государственных служащих во внеслужебное время

      16. Государственные служащие во внеслужебное время придерживаются общепринятых морально-этических норм, не допускают случаев антиобщественного поведения.
      17. Государственные служащие проявляют скромность, не подчеркивают и не используют должностное положение государственных служащих при получении транспортных, сервисных и иных услуг, не дают повода для обоснованной критики своих действий со стороны общества.