Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 08 ақпандағы № ХI-6 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 наурызда № 2707 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 мамырдағы № ХХІІІ-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық  мәслихатының 21.05.2014 № ХХІІІ-2 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (О. Жанықұлов) жүктелсін.
      3. Осы шешімді уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес осы қағиданың 2 тармағының 4) тармақшасы және 7 тармағының 9) тармақшасы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін, 3 және 4 тармақтары 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылқоға аудандық мәслихатының 11.02.2014 № ХХІ-2 шешімімен.

      Аудандық мәслихаттың ХI
      сессиясының төрағасы:                      Б. Қосжанов

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Т. Бейсқали

Аудандық мәслихаттың   
2013 жылғы 8 ақпандағы № ХІ-6
шешімімен бекітілген   

Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) уәкілетті орган - "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шекті жол берілетін шығыстар үлесі арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      4. Тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      5. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайызда.
      6. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйді жалдануға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Барлық санаттағы мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, магистранттар мен аспиранттарды қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгетерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға, уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан отбасына (азаматтар) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      уәкілетті органға:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасы мүшелерінің табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын-үй жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
      орталыққа:
      1) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      2) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған жарнаның мөлшері туралы шот;
      3) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
      4) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      5) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      6) мемлекеттік қызмет алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      7) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар;
      8) азаматтарды тіркеу туралы мәліметтер (мекен-жай анықтамасы).
      Құжаттың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.
      Ескерту. 7 тармақтың 3) тармақшасы жаңа мәтінде - Қызылқоға аудандық мәслихатының 11.02.2014 № ХХІ-2 шешімімен.
      8. Ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындылары бойынша атқарушы орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе бас тартқандығы туралы шешім қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
      9. Тұрғын үй көмегін есептегенде бір айға бір отбасына келесі нормалар қабылданады:
      1) электр энергиясын пайдалану мөлшері:
      электр плиталарын пайдаланбайтындар:
      1 адамға - 90 киловатт/сағат.
      электр плиталарын пайдаланатындар:
      1 адамға – 110 киловатт/сағат.
      2) жыл ішінде жылу беру мерзіміне қатты отын мөлшері көлік шығынымен есептегенде әр айға 2 тонна мөлшерінде бекітіледі.
      3) Табиғи газды пайдаланатын тұрғындар үшін табиғи газ мөлшері төленген шот түбіртегі бойынша белгіленеді.
      4) Су пайдалану нормасы бір отбасына тәулігіне 75 литр есебімен алынады.
      5) Қоқыс шығару бір айға 1 отбасына (азаматқа) 1 контейнер.
      10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу

      11. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

      12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат негізінде жүзеге асырылады.
      13. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Об определении размера и правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе

Решение Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 08 февраля 2013 года № XI-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 05 марта 2013 года № 2707. Утратило силу решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 21 мая 2014 года № ХХІІІ-2

      Сноска. Утратило силу решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 21.05.2014 № ХХІІІ-2.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и с постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер и правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе, согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию (О. Жаныкулов) районного маслихата по экономики, бюджета, финансов, развития предпринимательства, аграрии и экологии.
      3. Опубликование настоящего решения на интернет-ресурсе уполномоченного государственного органа возложить на государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316, подпункт 4) пункта 2 и подпункт 9) пункта 7 действует до 1 января 2014 года, пункты 3 и 4 правил вводятся в действие с 1 июля 2012 года и действуют до 1 января 2014 года.
      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 11.02.2014 № ХХІ-2.

      Председатель ХI сессии
      районного маслихата:                       Б. Косжанов

      Секретарь районного маслихата:             Т. Бейскали

Утвержден решением    
районного маслихата от 
8 февраля 2013 года № ХІ-6

Правила и размер оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе
1. Общие положения

      1. В правилах используются следующие основные понятия:
      1) доля предельно-допустимых расходов - отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      2) уполномоченный орган - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района".
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности, на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      5. Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в 5 (пяти) процентах.
      6. Лица, имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие помещения в наем (аренду) жилищная помощи не назначается.
      Жилищная помощь не назначается семьям (гражданам), а также безработным, не зарегистрированным в уполномоченных органах по вопросам занятости, отказавшимся от предложенной работы, уполномоченным органом, профессиональной подготовки переподготовки, повышения квалификации без уважительных причин, за исключением инвалидов и лиц, в период их нахождения на стационарном лечении более одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов очной формы обучения включая магистрантов и аспирантов, а также граждан занятых уходом за инвалидами I и II группы, за детьми инвалидами в возрасте до 18 лет, за детьми в возрасте до семи лет.

2. Порядок назначения жилищной помощи

      7. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган или в центр обслуживания населения с заявлением и представляет следующие документы:
      в уполномоченный орган:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских и/или аульных акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;
      4) документы, подтверждающие доходы семьи;
      5) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;
      9) квитанцию-счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      в центр:
      1) документы, подтверждающие доходы семьи;
      2) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      3) счета на потребление коммунальных услуг;
      4) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      5) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;
      6) сведения документа, удостоверяющего личность получателя государственной услуги;
      7) правоустанавливающие документы на жилище;
      8) сведения о регистрации граждан (адресная справка).
      Документы предоставляются в копиях и подлинниках. Ответственное лицо сверяет копии с подлинниками документов и возвращает заявителю подлинники.
      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 11.02.2014 № ХХІ-2.
      8. По результатам рассмотрения представленных документов уполномоченный орган в течение десяти календарных дней с момента сдачи документов выносит решение о назначении жилищной помощи или отказе, о чем письменно извещает заявителя.
      9. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы на одну семью в месяц:
      1) потребление электроэнергии:
      потребители не использующие электроплиты:
      на 1 человека – 90 киловатт/час;
      потребители использующие электроплиты:
      на 1 человека – 110 киловатт/час.
      2) норматив потребления угля в отопительный период устанавливается в размере 2-х тонн в месяц;
      3) размер потребления природного газа для жителей устанавливается по оплаченному счету квитанции за природный газ;
      4) норматив потребления воды на одну семью в сутки составляет 75 литров;
      5) норматив на вывоз мусора на одну семью (гражданина) 1 контейнер в месяц.
      Сноска. Пункт 9 с изменением, внесенным решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 11.02.2014 № ХХІ-2.
      10. Площадь жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами принимается в размере 18 квадратных метров на человека, для одиноко проживающих граждан не более 30 квадратных метров.

3. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующего на получение жилищной помощи

      11. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина) определяется "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", утвержденным приказом Агенства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471.

4. Порядок финансирования и выплаты жилищного пособия

      12. Финансирование выплат жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.
      13. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня.