РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы", Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызылқоға ауданы әкімдігі мемлекеттiк қызметшiлерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін (бұдан әрі - Қағидалар).
2. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары Қағидалар мәтінінің мемлекеттік орган ғимаратында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Абуовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұқанов |
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2013 жылғы 25 қарашадағы № 294 қаулысына қосымша | |
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2013 жылғы 25 қарашадағы № 294 қаулысымен бекітілген |
Қызылқоға ауданы әкімдігі мемлекеттiк қызметшiлерінің қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қызылқоға ауданы әкімдігі мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Жарлығына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді.2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары
2. Әкімдіктің мемлекеттік қызметшілері:1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтайды және оны дәйекті түрде жүзеге асырады, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтып, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермейді;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермейді, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолданады;
4) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтайды және нығайтады;
5) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етеді, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарайды;
6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытады, адал, әдiл, қарапайым;
7) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұрады;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтайды;
10) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленеді; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқарады, жұмыс уақытын ұтымды пайдаланады;
11) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпейді, олардың ықпалынан тәуелсiз;
12) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбайды;
13) кадрларды туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермейді;
14) қарамағындағы мемлекеттiк қызметшiлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпейді; басқа адамдарды құқыққа қайшы терiс қылықтар жасауға мәжбүрлемейді;
15) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерiн болдырмайды және олардың жолын кеседі;
16) өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмайды, сынағаны үшiн қудалауға жол бермейді, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдаланады;
17) бағынысты қызметкерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк, орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермейді;
18) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективтi де анық мәлiметтер береді;
19) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етеді, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрi тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта пайдаланады;
20) ұжымда iскерлiк өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасайды;
21) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттырады;
22) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстанады.
3. Мемлекеттiк қызметшiлер iскерлiк этикеттi сақтап, ресми мiнез-құлық қағидаларын құрметтейді.
4. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбайды.
Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер бағынысты қызметкерлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметiне қатысуға мәжбүрлемейді.
3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы
5. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермейді.Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кеседі.
6. Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлайды. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолданады.
Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні, оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолданады.
7. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермейді.
8. Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдаланады, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделерінде тексерулерге бастамашылыққа жол бермейді.
9. Мемлекеттік қызметшілер жеке мүлiктiк және мүлiктiк емес пайдалар алу үшiн өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен байланысты мүмкiндiктердi қолданбайды.
10. Мемлекеттік қызметшілері мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шараларын қолданады.
11. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде" Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.
4. Мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында сөйлеуі
12. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына этикаға сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдірмейді.
14. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.
15. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолданады.
5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы
16. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстанады, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермейді.17. Мемлекеттiк қызметшiлер қарапайымдылық танытуға, көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себеп туғызбайды.