Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 11.11.2021 № 59-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудандық әкімдіктің қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге, оқу ақысын төлеуде берешегі бар адамның жан басына шаққандағы орташа табысы есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі санаттар бойынша біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін:
1) жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға;
2) мүгедектерге;
3) аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге.
4. Орташа табысы есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі адамдарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін:
1) аз қамтылған отбасыларына;
2) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге;
3) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген тұлғаларға.
4-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін.
Ескерту. Шешім 4-1-тармақпен толықтырылды – Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 26.08.2016 № 45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Д. Алтаева) жүктелсін.
6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІІ сессиясының төрағасы |
Ж. Ермұханов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жолмағамбетов |
Мақат аудандық мәслихатының 2013 жылдың 15 қарашадағы № 165-V шешіміне 1 қосымша |
Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
1. Келесі негіздер бойынша адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмай 1500 (мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі:
1) жетімдік;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.
12) аз қамтылған отбасыларына;
13) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
14) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 26.08.2016 № 45-VI шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап азаматтар алты ай ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі мүмкін.
Мақат аудандық мәслихатының 2013 жылдың 15 қарашадағы № 165-V шешіміне 2 қосымша |
Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 28.06.2019 № 289-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Табысы есепке алынбай, коммуналдық қызметтеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек келесідей санаттағы азаматтарға берілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің зайыптарына (жұбайларына);
3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге;
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға;
5) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына;
6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;
7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына.