Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 15 қарашадағы № 165-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 45-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қыркүйекте № 3607 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 59-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 11.11.2021 № 59-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26, 27 баптарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 15 қарашадағы № 165-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2797 тіркелген, "Мақат тынысы" газетінде 2013 жылы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      мынадай мәтіндегі 4-1 тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін.";

      1 қосымшасының 1 тармағындағы:

      "100 (жүз)" деген сан және сөз "1500 (мың бес жүз)" деген сан және сөздермен ауыстырылсын.

      2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 шілдедегі № 33-VI "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 15 қарашадағы № 165-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихат хатшысы,
кезектен тыс V сессиясының төрағасы
Қ. Исмагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады