2013 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 152-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 мамырда № 2729 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 ақпандағы № 279-V шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 422-бабына сәйкес және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 481 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2013 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Жүгінісов).

Аудандық мәслихаттың
 
ХІV сессиясының төрағасы:
А. Ғаббасов
Аудандық мәслихат хатшысы:
Р. Сұлтанияев

      
      Келісілді:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
      Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық
      департаментінің Құрманғазы ауданы бойынша Салық
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш. Сағынғалиев
      2013.04.23

  Аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 152-V шешіміне қосымша

2013 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Рет №
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері айына (айлық есептік көрсеткіш)
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері жылына (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
4
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
6
72
2
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
9
108
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
2
24
4
Ойын жолы
30
360
5
Карт
12
144
6
Бильярд үстелі
20
240

      

Об установлении единых ставок фиксированного налога на 2013 год

Решение Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 23 апреля 2013 года № 152-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 16 мая 2013 года за № 2729. Утратило силу решением Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 12 февраля 2014 года № 279-V

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2011 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 422 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый Кодекс)" на основании предложения налогового управления по Курмангазинскому району от 16 апреля 2013 года № 481 районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить размер единых ставок фиксированного налога на 2013 год согласно приложению.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения возникшие с 1 января 2013 года.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по экономике, налогу и бюджетной политике (Б. Жугинисов).
      Председатель ХІV сессии
районного маслихата:
А. Габбасов
      Секретарь районного маслихата: Р. Султанияев
      Согласовано:
      Руководитель государственного
учреждения "Налоговое управление
по Курмангазинскому району
Налогового департамента по
Атырауской области Налогового
комитета Министерства финансов
Республики Казахстан
Ш. Сагынгалиев
      23.04.2013

 
Приложение к решению районного маслихата № 152-V от 23 апреля 2013 года

Размеры единых ставок фиксированного налога на 2013 год


п/п
Наименование объекта налогообложения
Размеры базовых ставок фиксированного налога в месяц (в месячных расчетных показателях)
Размеры базовых ставок фиксированного налога в год (в месячных расчетных показателях)
1
2
3
4
1
Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с одним игроком
6
72
2
Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с участием более одного игрока
9
108
3
Персональный компьютер, используемый для проведения игры
2
24
4
Игровая дорожка
30
360
5
Карт
12
144
6
Бильярдный стол
20
240