1. 2013 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Жүгінісов).
Аудандық мәслихаттың | |
ХІV сессиясының төрағасы: | А. Ғаббасов |
Аудандық мәслихат хатшысы: | Р. Сұлтанияев |
Келісілді:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық
департаментінің Құрманғазы ауданы бойынша Салық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш. Сағынғалиев
2013.04.23
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 152-V шешіміне қосымша |
2013 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері айына (айлық есептік көрсеткіш) | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері жылына (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 6 | 72 |
2 | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 9 | 108 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2 | 24 |
4 | Ойын жолы | 30 | 360 |
5 | Карт | 12 | 144 |
6 | Бильярд үстелі | 20 | 240 |