Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 желтоқсанда № 2814 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 172-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 14.09.2022 № 172-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, аудандық әкімдіктің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 564 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Облыс әкімдігімен келісілген алушылардың жекеленген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың кезекті тыс
ХХІV-сессиясының төрағасы
Б. Кенжебаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев

  Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V шешіміне 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 06.05.2021 № 45-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Атаулы күндер мен мереке күндері

Еселілігі

1

Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апатты жою күні

Жылына бір рет

2

Отан қорғаушы күні

Жылына бір рет

3

Жеңіс күні

Жылына бір рет

4

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Жылына бір рет

5

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні

Жылына бір рет

  Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V шешіміне 2-қосымша

Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 06.05.2021 № 45-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары

Атаулы күндер мен мереке күндері

Әлеуметтік көмектің мөлшері, теңге

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

Жеңіс күні

1 000 000

2) майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

 100 000

3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер мен мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдары;

 100 000

4) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар;

 60 000

5) екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

 60 000

6) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін (қызметтік міндеттерді) атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын әрекет етушілердің, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4 - 6-баптарында аталған адамдардың отбасылары;

 100 000

7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

 100 000

8) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

30 000

9) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

2

1) бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда);
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;
2) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
3) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні

100 000

3

1) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар;
2) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары.

Чернобыль АЭС–дағы апатты жою күні

100 000

4

Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

50 000

5

Мүгедектік тобы белгіленген тұлғаларды қоспағанда, бала мүгедегі

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

50 000

6

1) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
2) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
3) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Отан қорғаушылар күні

100 000

      Аббревиатураны таратып жазу:

      КСР – Кеңестік Социалистік Республикалар.

      АЭС – атом электр станциясы

Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей

Решение Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 11 декабря 2013 года № 257-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 13 декабря 2013 года № 2814. Утратило силу решением Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 14 сентября 2022 года № 172-VII

      Сноска. Утратило силу решением Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 14.09.2022 № 172-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", и рассмотрев постановление районного акимата от 6 декабря 2013 года № 564 районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратность оказания социальной помощи согласно приложению 1 к настоящему решению.
      2. Установить согласованный с акиматом области единый размер социальной помощи к памятным датам и праздничным дням, для отдельно взятой категории получателей согласно приложению 2 к настоящему решению.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию (Ш. Жалелов).районного маслихата по вопросам социальной сферы, молодежной политики, законодательства и права.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июня 2013 года.

      Председатель внеочередной ХХІV
сессии районного маслихата
Б. Кенжебаев
      Секретарь районного маслихата Р. Султанияев

  Приложение 1 к решению районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 257-V
  Приложение 2 к решению районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 257-V

      Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратность оказания социальной помощи

      Cноска. Приложение 1 - в редакции Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 06.05.2021 № 45-VІI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Памятные даты и прздничные дни

Кратность

1

День ликвидации аварии на Чернобыльской атомной электростанции (далее – Чернобыльская АЭС)

Один раз в год

2

День защитника Отечества

Один раз в год

3

День Победы

Один раз в год

4

День Конституции Республики Казахстан

Один раз в год

6

День вывода Советских войск из Афганистана

Один раз в год


      Размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

      Cноска. Приложение 2 - в редакции Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 06.05.2021 № 45-VІI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Категории получателей социальной помощи

Памятные даты и праздничные дни

Размер социальной помощи, тенге

1

1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны;

День Победы

1 000 000

2) военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза CCР, проходившие в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей дейтсвующей армии;

100 000

3) лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии;

100 000

4) граждане, работавшие в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда";

60 000

5) несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны;

6) семьи военнослужащих, партизан, подпольщиков, лиц, указанных в статьях 4-6 Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах", погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей), или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте;

100 000

7) лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

100 000

8) супруга (супруг) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, которые не вступали в повторный брак;

30 000

9) лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

2

1) военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лица начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств;
военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий;
военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий;
военнослужащие летнего состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР;
рабочие и служащие, обслуживавшие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий;
2) военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствия заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия;
3) семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия.

День вывода Советских войск с территорий Афганистана

100 000

3

1) лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях;
2) лица из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшие) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии;
3) лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей;

День ликвидации аварии на Чернобыльской атомной электростанции

100 000

4

Инвалиды первой, второй, третьей группы

День Конституции Республики Казахстан

50 000

5

Ребенок – инвалид, за исключением лиц, которым установлена группа инвалидности

День Конституции Республики Казахстан

50 000

6

1) военнослужащие Республики Казахстан, выполнявшие задачи согласно межгосударственным договорам и соглашения по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке;
2) военнослужащие Республики Казахстан, принимавшие участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке;
3) военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе.

День защитника Отечества

100 000

      Расшифрование аббревиатуры:

      ССР – Советские Социалистические Республики.

      АЭС – атомная электростанция