Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 29.05.2020 № 49/516-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-ІV "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1983-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің тақырыбына өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбы өзгермейді;
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасының тақырыбында өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбы өзгермейді.
2.Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы | Д. Ахметов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ. Ержан |