Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 16.07.2015 № 244 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Салық Кодексінің 387 бабының 1-тармағына және Кентау қалалық мәслихатының 2003 жылғы 28 қарашадағы № 13 «Кентау қаласы жерін аймақтарға бөлу схемасы бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодекстің 378, 379, 381, 383-баптарында белгiленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихатының сессия төрағасы Ж.Курманбеков
Қалалық мәслихат хатшысы К.Сырлыбаев