Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы округі әкімінің 11.12.2014 № 102 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 10.11.2014 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2013 жылғы 11 қазандағы № 1-09/311 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жаңабазар ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңабазар ауыл округі, Жаңабазар елді мекенінің Ә.Ақабаев, К.Исаев көшелері және Үлгілі, Жаңаталап елді мекендерінің тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Жаңабазар ауыл округі, Жаңабазар елді мекенінің Ә.Ақабаев, К.Исаев көшелері және Үлгілі, Жаңаталап елді мекендерінің аумағына шектеу iс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 10.11.2014 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңабазар ауыл округі әкімінің орынбасары Д.Едиловке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Ауыл округінің әкімі А.Ташкулов