Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы округі әкімінің 11.12.2014 № 102 шешімімен.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жаңабазар ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңабазар ауылы округі әкімінің 2013 жылғы 22 қазанындағы № 44 «Жаңабазар ауылы округі, Жаңабазар елді мекені Ә.Ақабаев, К.Исаев көшелері және Үлгілі, Жаңаталап елді мекендерінің аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2407 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашадағы «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңабазар ауылы округі, Жаңабазар елді мекенінің Ә.Ақабаев, К.Исаев көшелері және Үлгілі, Жаңаталап елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»;
1 тармағындағы «шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим» деген сөздер «шектеу іс-шаралары» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңабазар ауыл округі әкімінің орынбасары А.Акжоловқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі А.Ташкулов