Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің 03.02.2014 № 3 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2013 жылғы 10 қазандағы № 1-09/310 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сабыр Рақымов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сабыр Рақымов ауылдық округі, Көкібел және Қызыл ата елді мекендерінің тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Сабыр Рақымов ауылдық округі, Көкібел және Қызыл ата елді мекендерінің аумағына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - ветеринары Н.Бекбауовқа жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі С.Макулбаев