Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 15.12.2015 № 736 қаулысымен.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 13 сәуірдегі 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Халмурадовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі У. Қайназаров