Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының 09.01.2015 № 59 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
1) 21 мен 29 жас аралығындағы жастар;
2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә.Мақұлбаев