Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімінің 24.04.2014 № 7-1177 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеби ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков
Төлеби ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 15 наурыздағы
№ 215 қаулысымен бекітілген
Төлеби ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Ауылшаруашылық дақылдарының түрлері |
Оңтайлы мерзімдері |
Ескерту |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Жаздық бидай |
13.04.2013 жыл |
19.05.2013 жыл |
Тәлімі жер |
2 |
Мақсары |
13.04.2013 жыл |
25.04.2013 жыл |
Тәлімі жер |
3 |
Жоңышқа |
13.04.2013 жыл |
25.04.2013 жыл |
Тәлімі және суармалы жер |