2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 215 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 12 сәуірде № 2266 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 7-1177 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімінің 24.04.2014 № 7-1177 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төлеби ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә.Тұрғымбеков

Төлеби ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 15 наурыздағы
№ 215 қаулысымен бекітілген

Төлеби ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері

Ауылшаруашылық дақылдарының түрлері

Оңтайлы мерзімдері

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

13.04.2013 жыл

19.05.2013 жыл

Тәлімі жер

2

Мақсары

13.04.2013 жыл

25.04.2013 жыл

Тәлімі жер

3

Жоңышқа

13.04.2013 жыл

25.04.2013 жыл

Тәлімі және суармалы жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады