Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекараларын анықтау" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Белгіленсін:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өскемен қаласында "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Өскемен қаласында "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ. Қ. Сапарғалиев) "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекараларын анықтау" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы Қоршаған | |
ортаны қорғау министрлігі | |
Су ресурстары комитетінің | |
Су ресурстарын пайдалануды реттеу | |
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік | |
инспекциясының басшысы | Д. Тілеубаев |
2013 жылғы 01 шілде
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау | |
министрлігі Мемлекеттік санитарлық- | |
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің | |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша | |
департаментінің басшысы | Т. Ерубаев |
2013 жылғы 01 шілде
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 165 қаулысына қосымша |
Өскемен қаласындағы "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау
және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі
№ 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының
су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Шекарасының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені, (метр) | Шекарасының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені, (метр) | |
Кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағы | 0,812 | 40,52 | 500 | 0,615 | 2,72 | 36 |
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекараларын анықтау" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.