Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы N 165 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 тамызда N 3021 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекараларын анықтау" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өскемен қаласында "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Өскемен қаласында "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ. Қ. Сапарғалиев) "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекараларын анықтау" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы Д. Тілеубаев

      2013 жылғы 01 шілде
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің басшысы Т. Ерубаев

      2013 жылғы 01 шілде
      

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2013 жылғы 28 маусымдағы
№ 165 қаулысына қосымша

Өскемен қаласындағы "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау
және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі
№ 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының
су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

 
 
 
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені, (метр)
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені, (метр)
Кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағы
0,812
40,52
500
0,615
2,72
36

      
      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы "Шешек" отбасылық демалыс саябағын жобалау және құрылысын салу үшін берілген кадастрлық нөмірі № 05-085-102-045 жер учаскесінің тұсындағы Шешек бұлағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекараларын анықтау" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады