РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық прокурорының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 2-15-2013-22350 наразылығын және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 06-06/3274 заң бұзушылықты жою жөнінде ұсынысты қарап, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2512, 2009 жылғы 26 тамыздағы № 140-141 «Дидар», 2009 жылғы 25 тамыздағы № 132 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген ереженің 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Куәліктер мен төсбелгілерді дайындау жөніндегі шығыстар және оларды тіркеу заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың (қаланың, ауданның) тиісті бюджетінде көзделген қаражаттар есебінен және шегінде жүзеге асырылады.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Солдатов
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы Г. Пинчук