Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.05.2024 № 13/113-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген "Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.05.2024 № 13/113-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Рахимова |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В. Ахаев |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-IV шешімімен бекітілген |
Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары
Ескерту. Қағидаларының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.05.2024 № 13/113-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. "Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын (бұдан әрі - Атақ) облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынымы бойынша экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениет, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін, белсенді мемлекеттік, қоғамдық және қайырымдылық қызметі, облыстың әлеуметтік- экономикалық дамуына және халықтар арасында достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін тиісті мәслихаттар береді.
Атақ облыс (қала, аудан) аумағында тұрмайтын адамдарға да берілуі мүмкін.
2. Облыс әкіміне, қалалар мен аудандар әкімдеріне Атақ беруге кандидатура туралы ұсынысты тиісті мәслихаттар депутаттары (депутаттар санының кем дегенде 1/5 бөлігі), еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, партиялар енгізуі мүмкін.
3. Облыс (қала, аудан) әкімінің Атақ беруге кандидатура туралы ұсынымы тиісті мәслихатқа енгізіледі.
4. Ұсынылған кандидатураға облыс (қала, аудан) әкімі тиісті мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
1) еңбек ұжымы немесе қоғамдық бірлестік, ұйым, партияның қолдаухаты мен жиналысының хаттамасы, тиісті мәслихат депутаттарының өтініші;
2) экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениет, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға сіңірген нақты еңбегі, белсенді мемлекеттік, қоғамдық және қайырымдылық қызметі, облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтар арасында достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі көрсетілген мінездеме - биографиялық мәліметтері;
3) ерекше еңбегін растайтын құжаттар, мемлекеттік наградаларының тізбесі.
5. "Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы жылына бір рет беріледі.
6. "Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы" атағы жылына бес адамға дейін, "Қаланың (ауданның) құрметті азаматы" атағы үш адамға дейін берілуі мүмкін.
7. Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын алған әрбір адамға тиісті мәслихаттар төрағалары және облыс (қала, аудан) әкімі:
1) куәлік;
2) төсбелгі тапсырады.
Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматының есімі облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматтары кітабына енгізіледі, ол тиісті мәслихатта немесе облыстық (қалалық, аудандық) өлкетану мұражайында сақталады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.05.2024 № 13/113-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Атақты беру салтанатты және кеңінен жария ету жағдайында жүргізіледі.
9. Куәліктер мен төсбелгілерді дайындауды облыс (қала, аудан) әкімінің аппараты жүзеге асырады.
10. Куәліктер мен төсбелгілерді дайындау жөніндегі шығыстар және оларды тіркеу заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың (қаланың, ауданның) тиісті бюджетінде көзделген қаражаттар есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 11.12.2013 № 17/200-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).