РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, «Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс жасау туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 142 шешімі мен Ұлан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 101 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) есепті деректерден шығару арқылы өзге қоныстар санатына ауыстырылсын:
Асубұлақ кентінің Төменгі Тайынты ауылы;
Таврия ауылдық округінің Южное ауылы;
2) елді мекендер шекараларын өзгерту арқылы:
Төменгі Тайынты қонысы әкімшілік және аумақтық бағынысымен Асубұлақ кентінің Белогор кенті құрамына;
Южное қонысы әкімшілік және аумақтық бағынысымен Таврия ауылдық округінің Гагарино ауылы құрамына енгізілсін.
2. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Солдатов |
Облыс әкімі Б. Сапарбаев |
Облыстық мәслихат |