Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 31.03.2014 № 28/150-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2007 жылғы 12 қаңтардағы «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2012 жылғы 18 шілдедегі № 6/41-V «Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 14 тамыздағы № 2637 болып тіркелген, «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 66 нөмілерінде жарияланған) шешімге мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Ә. Досқожанов
Қалалық мәслихаттың хатшысы м.а. Н. Мантлер