Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 02.12.2014 N 1112 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабының 1 тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабының 1 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағы негізінде, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын өтеуге жазаға кесілген адамдар үшін қоғамдық жұмыс түрлері анықталсын: қаланың аумағын көркейту және жинау.
2.
«Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті Риддер қаласының қылмыстық-атқару инспекциясы» бөлімімен келісім бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілгендермен жазасын өтеу үшін нысандар тізімі сотқа тоқсан сайын ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары А.Т. Хосчановқа жүктелсін.
4.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі |
М. Сапарғалиев |
2013 жылғы 24 қаңтар