Ескерту. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 28.05.2014 N 25/176-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 13 шілдедегі № 5/34-V (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 2625 тiркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 70-71 жарияланған) шешiмiне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Т. Бозтаев
Мәслихат хатшысы Т. Бозтаев