Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 5/34-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 03 тамызда N 2625 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы N 25/176-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 28.05.2014 N 25/176-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 56789 баптарына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымша әлеуметтік көмек көрсетуге құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;
      4) зейнеттік жасындағы тұлғалар;
      5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған тұлғалар;
      6) саясы қуғын-сүргін құрбандары;
      7) «Алтын алқа» «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
      8) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа дейін);
      9) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
      10) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар;
      11) әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтар (онкологиялық және туберкулездің түрлі түрлері);
      12) өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (өрт, дүлей апат, қиын аурулар).
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұрғылықты жерінен анықтама;
      4) алынып тасталды - Аягөз аудандық мәслихатының 28.05.2013 N 5-100-V шешімімен;
      5) отбасының табысы туралы мәліметтер;
      6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      7) тиісті уәкілетті орган беретін төтенше жағдайдың болғанын растайтын акт немесе өзге құжат;
      8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығынды растайтын құжаттар (шот-калькуляция, шот-фактура, түбіртек), немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы;
      9) туберкулезбен ауыратындар үшін туберкулезге қарсы диспансерінің тізімі бойынша.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – Аягөз аудандық мәслихатының 28.05.2013 N 5-100-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Сессия төрағасы                            А. Шакиров

      Мәслихат хатшысы                           Т. Бозтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады