"Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 466 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы N 616 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылдың 18 ақпанында N 2882 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 04.12.2014 № 291 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 466 қаулысына келесі өзгерту енгізілсін:
       3-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «1) мүгедек балаларға (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан, үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе заңды өкілдеріне беріледі».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Г. Акулов

О внесении изменения в постановление акимата от 10 августа 2012 года № 466 "Об оказании дополнительной социальной помощи"

Постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 29 января 2013 года № 616. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 18 февраля 2013 года № 2882. Утратило силу постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 04 декабря 2014 года № 291

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 04.12.2014 № 291.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьи 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», акимат Бородулихинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 10 августа 2012 года № 466 «Об оказании дополнительной социальной помощи» следующее изменение:
      подпункт 1) пункта 3 изложить в следующей редакции:
      «1) социальная помощь на детей–инвалидов (кроме детей–инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении) предоставляется одному из родителей или законным представителям детей–инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому, независимо от дохода семьи».
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Атаеву Р. А.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Аким района

Г. Акулов